28.04.2024 02:39

Жарияланды: 09.06.2023

0

7 маусым күні балалар демалыс аймағының бүлдіршіндері үшін «Ұлттық мақтаныш – Қазақстан Республикасының рәміздері» атты патриоттық сағат ұйымдастырылып, музей қызметкерлері Мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы әңгімені Қазақстан Республикасы Әнұранның орындалуымен көрсетті. Бұл іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ пен жастар арасында адамгершілік бағдарлар жүйесін қалыптастыратын, көпұлтты қоғамда бірлік, татулық пен өзара түсіністік рухын нығайта түсетін мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау. Мемлекеттік белгілердің рәміздері әрбір азаматтың жүрегінде өз елі мен халқына деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті оятатын құндылықтарды жариялайды. Шара барысында балалар мемлекеттік рәміздерді білуге ​​арналған викториналық ойын және «Мемлекеттік Туымыз асқақтай берсін» атты сурет байқауын өткіздік. Шара соңында «Гүлдей бер Қазақстаным» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 361
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 361
Барлық келушілер – 0