18 мамырда бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Халықаралық музейлер күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Ашық есік күнінің алғашқы келушілері «Қазпошта» АҚ және орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері болды, олар экскурсия барысында өлке тарихымен, атақты тұлғалар және қызықты экспонаттармен танысты.
Leave a Reply