Жарияланды: 14.03.2023

0

Ағымдағы жылдың 14 наурызында С. Ерғалиев атындағы ЖББМ 7 сынып оқушылары үшін музей қызметкерлері «Алаш партиясының көшбасшылары» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты Алаш көшбасшыларының, мемлекет қайраткерлері Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының Тарихи ерліктерін насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, патриоттық сезімдерін арттыру, Тәуелсіздік ісіне қызмет еткен тарихи тұлғаларды құрметтеу, олардың шығармашылығын зерделеуге және игеруге қызығушылығын арттыру болып табылады.

Іс – шарада оқушыларға слайд-презентация көрсетілді, А. Бөкейхановтың өмірі туралы «Тағдыр жолы» деректі фильмі көрсетілді, фильмді көру барысында оқушылар Әлихан Бөкейхан пен Ахмет Байтұрсынұлының және Алаш қозғалысының басқа да мүшелерінің өз өмірін қазақ халқының жандануы мен өркендеуіне арнаған қазақ халқының бірегей қайраткерлері екендігіне тағы да көз жеткізді Алаш партиясының қозғалысы ғылым-білім жолынан қалай өтті, онда адал, парасатты, кішіпейіл болу, ар-ожданды кемсітпеу, адалдық сияқты құндылықтарды таза ұстау қажет.

«Алаш» қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуының негізін қалады. Бұл қозғалыс ХХ ғасырдың басында пайда болып, қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің шыңына айналды. «Алаш» партиясы ұлттық демократияның бастауында тұрды. Қозғалыстың орталығы 1917 жылы шілдеде ұйымдастырылған «Алаш» жалпыұлттық партиясы болды. Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Ә. Бөкейхан, М. Шоқай, М.Тынышпаев, М. Дулатов және басқа да ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осы алғашқы жалпыұлттық саяси ұйымды дайындау және құру үшін көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге қатысудың басынан бастап «Алаш» партиясы екі мақсатқа қол жеткізуді – қазақ халқын отаршылдық қамыттан босатуды және қазақ қоғамының өркениетті әлемдік қоғамдастыққа кіруін қамтамасыз етуді өзінің басты міндеті деп санады. Өзінің әлеуметтік табиғаты бойынша «Алаш» партиясы Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының саяси ұйымы болды. Саяси аренадан шыққаннан кейін Алаш қозғалысының қайраткерлері 1920 жылдары Қазақстанның мәдениетін, ғылымын және халық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосты. Кеңес өкіметі бірнеше рет рақымшылық жасағанына қарамастан, қозғалыстың белсенді қатысушылары 1920-1930 жылдардың аяғында большевиктердің «ұлтшылдар» және «халық жаулары» деп аталатындармен күресу процесінде қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің тұтас бір тобы жойылды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 18527
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 18527
Барлық келушілер – 0