03.05.2024 01:47

Жарияланды: 23.02.2023

0

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары үшін біздің өлкеміздің тарихымен, атақты тұлғалармен және қызықты экспонаттармен танысу үшін музей экспозициялары бойынша шолу экскурсиясы өтті. Сондай-ақ, Бахрит әулетінің Египет пен Сирия билеушісі – Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай оқушыларды оның өмірбаянымен, Сұлтан Бейбарыс билігінің өмірі мен тарихын баяндайтын фотосуреттер кешені, Сұлтан мен оның ұлының мәрмәр қабірінің суреті, Атырау қаласындағы сұлтанға ескерткіш, мешіттің қайта құру жұмыстары ұсынылған фотоқұжаттық көрмемен, сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс туралы фильмнің кадрларымен таныстырды. Экскурсия соңында балаларға зияткерлік қабілеттер мен тарихи заттарды бекітуге арналған түрлі ойындар өткізілді. Осы экскурсиямен танысу үшін сілтеме бойынша өтуге болады: https://ok.ru/video/4218150980255

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 248
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 248
Барлық келушілер – 0