Жыл сайын 15 ақпанда Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні атап өтіледі. Осы күнге музей қызметкерлері мәдениет қызметкерлеріне «Ауған соғысының ақиқаты» еске алу сағатын өткізіп, Ауған соғысының тарихына және Ауғанстандағы соғыс кезінде қаза тапқан жерлестерінің өмірбаянына ерекше назар аударды.
Іс-шара барысында қатысушылар презентация, Ауған офицері В.И. Ионенконың бейнеролигін көріп, өлеңдер оқыды. Еске алу сағатының соңында интернационалист-жауынгерлерге арналған экспозицияда мәдениет қызметкерлері көрмеге қойылған заттармен, соның ішінде жауынгерлердің жорық формасы мен жеке заттарымен жақынырақ танысты.
Іс-шара отансүйгіштік пен өз жерлестеріне деген мақтаныш сезімін ояту, сондай-ақ бір-біріне деген толерантты қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Leave a Reply