02.05.2024 06:28

Жарияланды: 14.02.2023

0

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында С. Ерғалиев атындағы ОМ 6-сынып оқушылары үшін музей қызметкерлері Т. Жүргеновтің өмірі мен қызметін насихаттау мақсатында Білім, мәдениет және әдебиетті дамытуға баға жетпес үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Ұлт қамқоры-Темірбек» атты портрет – кеш өткізді. сондай-ақ оның елдің ұлттық мәдениетін жандандырудағы баға жетпес үлесі мен ерең еңбегі туралы айтылды. Музей қызметкерлері Т.Жүргеновтің өмірі мен қызметінен алынған бірегей тарихи фактілерге тоқталып, мәдени революция біздің елімізде оның есімімен байланысты екенін атап өтті. Іс-шара барысында балаларға «Тарих. Тағдыр. Тұлға» Т. Жүргеновтың өмірі туралы  деректі фильм көрсетілді, сонымен қатар сұрақ-жауаппен қызу пікірталас өтті. Оның табандылығының арқасында 1934 жылы Алматыда Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның бірден алты ірі жоғары оқу орындарының құрылысы басталды. Темірбек Қараұлының еңбегі – ол Қазақстанның шекарасын анықтауда маңызды рөл атқарды. Мысалы, Жетісу мен Сырдария жаңадан құрылған өзбек Республикасының құрамына кіргісі келгенде, Жүргенов бұл аудандарда ежелден қазақтардың тұратынын дәлелдеді. Осылайша, оның күш-жігері арқылы бұл жерлерді Қазақстан құрамында сақтап қалуға мүмкіндік туды. Жүргенов Т.К. алты тілді жетік меңгерген. Халық ағарту комиссары және сонымен бірге өнер істері комитетінің басшысы бола отырып, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосты. 1938 жылы 25 ақпанда ол халықтың жауы ретінде атылып, 1957 жылы ақталды. Бүгінде оның есімі Қазақстанның Ұлттық Өнер Академиясы, оның құрметіне еліміздің түрлі қалаларындағы көшелер аталған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 32
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 32
Барлық келушілер – 0