Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде музей ҚР Паралимпиада ойындарының чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері Д.Биклеев туралы “Спорт бізге күш-қуатты көбейту керек” атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.
Биклеев Данияр, мүмкіндігі шектеулі спортшы. Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының “мүгедектер спорт клубы” КММ-де өнер көрсетеді. 2017 жылы тірек-қимыл аппараты мен көру органдары зақымданған спортшылар арасында ҚР 5-ші спартакиадасында ядро итеруден жеңімпаз атанды. Сол жылдың желтоқсан айында Дубай қаласында (БАӘ) өткен Азия жасөспірімдер Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғап, 6,56 М нәтижесімен 2-ші ересек разрядты орындап, күміс жүлдегер атанды. Осы жылдың наурыз айында Дубай қаласында (БАӘ) FAZZA халықаралық турниріне қатысты. Бұл турнир әлем кубогының Гран – При кезеңі болып табылады. Бұл турнирде ядро лақтыруда жетінші орын, диск лақтыруда бесінші, найза лақтыруда оныншы орын алды. Жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мақсаттылық, жауапкершілік және спорттық еңбексүйгіштік көмектеседі.
Бұл көрме-ерліктің, жеңіске деген ерік-жігердің үлгісі, ол бірде-бір адамды бей-жай қалдырмайды.
Leave a Reply