27 тамыз күні Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Е. Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай “Әділет Заңы бойынша өмір сүру” атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.
Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы, жоғары заңдық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін айқындайды.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда XII шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясында қабылданды. Конституция қысқа мерзімді перспективаларға ғана арналған. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн басты мемлекеттік мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Конституциясы бірнеше рет толықтырылды, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді және ағымдағы жылғы 5 маусымда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша республикалық референдум өтті.
Конституция, ең алдымен, әр адамның құқықтары мен ерік-жігерінің көрінісі, бүкіл мемлекет идеологиясының көрінісі болып қала береді. Біздің қоғамымыздың әрбір азаматы өзінің құқықтарын, міндеттерін білуге, заңды құрметтеуге және сақтауға тиіс.
Бүгінгі күні ҚР Конституциясы жаңғырту үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық институттарды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ілгерілету жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.
Конституция күнін мерекелеу азаматтар арасында, атап айтқанда жастар арасында конституциялық құндылықтарды жасауға және таратуға бағытталған тәрбиелік сипаттағы өркениетті іс-қимыл болып табылады.
Leave a Reply