Жарияланды: 31.05.2022

0

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Е.Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің базасында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты жылжымалы фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.

Көрмеде 1937 жылы басталған Үлкен террор бүкіл елді шарпыған кезде 1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргіннен аяусыз бөлінген отбасылар туралы фотоматериалдар ұсынылған. 1937-1938 жылдары ондаған мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, олардың көбі атылды. Өз халқының өркендеуін армандаған, өз елінің игілігі үшін адал жұмыс істеген адамдар «халық жауы» деп аталды, «Отанға опасыздық жасады» деп айыпталып, ең жоғары жазаға кесілді.

Көрмеге Б.Майлин атындағы музей қорындағы сақтаулы материалдар қойылған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 4709
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 4709
Барлық келушілер – 0