Біз Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұжымы конституциялық реформа жүргізілетіні туралы жаңалықты қуана қабылдадық. Бұл реформаға барлық қазақстандықтардың қатысуы қуантады. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа буынын айтуға болады. Бұл біздің мемлекет шынымен де халық үніне құлақ асатын мемлекетке айналғанын тағы бір рмәрте көрсетеді.
Ұсынылған бастамалар біздің қоғамның саяси трансформациясына бағытталған. Бұл реформаның мәні – суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу болып табылады. Президент өкілеттілігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың ел өміріне қатысуын кеңейту. Басқа да өзекті жаңалықтар конституциялық және өзге де заңдар шеңберінде бекітілетін болады.
Leave a Reply