Күн сайын ұқыпты болу және маусымдық тазалау туралы ұмытпау – бұл сұлулықтың және адам қолымен жасалған табиғат пен әлемге ұқыпты қараудың қарапайым формуласы. Оған сүйене отырып, біз өмірімізді ыңғайлы және сапалы етіп қана қоймай, денсаулығымызға да қамқорлық жасаймыз.
Сондықтан Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің экология мәселесіне бей-жай қарамайтын қызметкерлері 24 қыркүйек Жастар саябағының аумағын тазарту бойынша «Саябаққа тазалық сыйлайық!» акциясын ұйымдастырды және Дүниежүзілік Еңбек күніне арнады.
Тазалау үшін қолда бар құралдармен қаруланған акцияға қатысушылар саябақты тазалауға кірісті. Барлығы құлшыныспен еңбек етті, өйткені шын мәнінде соңғы шуақты күндерде демалғын келетін таза саябақта жалпы еңбектің нәтижесін көрген жақсы.
Leave a Reply