Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» мұражай қорынан суреттер көрмесі ашылды.
Оның аясында суретшілер М.Н.Дитиненко, Р.Хайролла, С.В. Каратаеваның түрлі техникада – маймен, киізден және батик деп аталатын матаға сурет салумен орындалған картиналары ұсынылды. Әрбір көрініс қазақ халқының өзіндік мәдениетін көрсетеді және бізді оның кейбір салт-дәстүрлерімен таныстырады, сондай-ақ үйреншікті құбылыстарға жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа көрме залында еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерінің фотосуреттері орналастырылған.
Сіз мұражайға тікелей барған кезде ұсынылған суреттермен толығырақ таныса аласыз. Көрме ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жұмыс істейтін болады.
#БейімбетМайлинауданы
Leave a Reply