“Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі” КММ (111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 62 үй, каб. телефондар / факс: 8(71436) 36121, электрондық адрес: musey.maylina@mail.kz) “Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің экскурсоводы, В2-4 санаты бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы: бір жылға дейін 131 511 теңге.
Лауазымдық міндеттері:
экспозициялар, көрмелер, қорларды ашық сақтау және мұражай объектілері бойынша экскурсиялар жүргізеді;
ішкі тәртіп актілеріне және әдіскердің ұсынымдарына сәйкес экскурсия өткізу бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
экскурсия жүргізу әдістемесін жетілдірумен айналысады;
әдістемелік ұсынымдар дайындауға және экскурсиялар бойынша ұсынымдарды тыңдауға, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Ішкі конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: “Туризм” немесе “Аударма ісі” мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық; гуманитарлық ғылымдар; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар; жаратылыстану ғылымдары; қызметтер; Ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы” Заңдарын; өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, Музей ісі мәселелері бойынша басшылық материалдарды, ғылыми-ағарту жұмысының проблемалары бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсиялар мен лекциялар тақырыптарын, экскурсиялардың озық тәжірибесін, отандық және шетелдік музейлердің дәрістік жұмыстарын басшылыққа алады.
Конкурс Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Азаматтық қызметші лауазымына кандидатты іріктеу кезіндегі негізгі талаптар қажетті бейін бойынша білімі, кәсіби даярлық деңгейі, сондай – ақ азаматтық қызметшіге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі-біліктілік талаптары) сәйкестігі болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Азаматтық қызметке кіру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі» КММ тапсырады, анықтама телефоны 8 (714)36
3-61-21, электрондық пошта мекенжайы: musey.maylina@mail.kz құжаттарды қабылдау мерзімі-конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде музей мекемесінде өтеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Leave a Reply