15 сәуірде Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайында Б. Майлин атындағы Таран ОМ 6 “А” сынып оқушылары үшін экология күніне арналған “Тазалық және тәртіп ауылына саяхат” акциясы өткізілді. Іс-шара барысында “Қазақстанның экологиялық мәселелері” атты презентация көрсетілді, онда оқушылар су мен ауаның ластануы, орман алқаптарының бақылаусыз жойылуы, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің жойылуы туралы білді. Одан әрі “Бұл жер-сенің және менің” экологиялық ойын – викторина өткізілді. Іс-шара соңында оқушылармен бірге “Жақсылық бірге жасаймыз” акциясы өткізілді, оның барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жерлестеріміздің ескерткіш стеласы және Кеңес Одағының Батыры С. Н.Темірбаевтың мүсіні жанында аумақ тазартылды.