Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысан мерзімі: XIX ғасырдың соңы.

Нысанның орналаскан жері: Арқалық қаласы, Қайыңды ауылынан оңтүстікке қарай  15 шақырым жерде.

Қостам – күмбезі аспанға бағытталған егіз сынды екі кесене ағайынды  Байқожа мен Айқожалардың құрметіне тұрғызылған.  «Қостам» атауының өзі, «жұпталған» немесе «қосарланған» мағынасын білдіріп, сол жерде жерленген ағайындылар тағдырларының ұқсастығын дәлелдейді. Ағайынды Айқожа мен Байқожа халықты бірлікке шақырған қазақ даласының көрнекті тұлғалары, құрметке лайық адал билер болған.

Екі ғимаратта Орталық Қазақстанның дәстүрлі сәулет үлгісінде жасалған. Кесенесі – портал-күмбезді шаршы пішінді ғимарат. Құрылыс шикі кірпіштен қаланып, іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталған.  Қасбеті сәнді тақталармен безендірілген.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 16816
Пайдаланушылар – 9
Қонақтар – 16807
Барлық келушілер – 0