Нысан мерзімі: ХIХ ғасыр.
Нысанның орналаскан жері: Арқалық қаласы, Екідің ауылы.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында салынған Қыз тамы Екідің ауылы маңындағы мұсылман зираты аумағында орналасқан. Бұл әйел адамға орнатылған ескі заманның санаулы ескерткіштерінің бірі. Кесене құрылысы күйдірілген кірпіштен салынған, шаршы пішінді порталды-күмбезді.
Аңыздарға сүйенсек, бұл Алыс байдың қыздары Бәтима мен Қазина жерленген жер. Бәтима өз тойының қарсаңында кенеттен қайтыс болады, сіңлісі Қазина екі көрші рудың арасындағы тату қарым-қатынасты сақтау үшін оның жігітіне күйеуге шығуға келіседі. Қазина әпкесінің құрметіне әдемі үлкен кесене тұрғызуды және бүкіл халықты жинап, тіпті бұрынғы қас жауларын да шақырып құдайы тамақ беруді талап етеді. Сондай-ақ, оның уақыты келгенде, сол кесенеде өзін де жерлеуді өсиет еткен. Содан бері Қыз тамы кесенесі қыз даналығының және құрбандық ескерткіші ретінде алыстан көз тартып тұр.
Leave a Reply