28.04.2024 00:04

Жарияланды: 15.01.2024

0

15 қаңтар күні Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебінде облысымыздың тумасы, қазақ совет театр және кино актері Елубай Өмірзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай ұстаздар мен оқушылар арасында «Адам жадында өмір сүр» жылжымалы баннер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Е.Өмірзақовтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фотоматериалдар, құжаттар, фильмдерден үзінділер қойылған. Өмірзақов Елубай 1899 жылы 31 қаңтарда Қостанай облысы, Таран ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Елубай Өмірзақов бала кезінен халық музыкасын жақсы меңгерген, домбыра тартып, ауылдың барлық той-томалақтарының айнымас қатысушысы болған. Ол пианинода ойнауды алғашқылардың бірі болып үйренді. 1940 жылы Суретшілер одағының Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен, 1958 жылы социалистік ауыл шаруашылығындағы табысы үшін шағын күміс медальмен марапатталған. 1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин, Октябрь Революциясы, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған, 1968 жылғы К.Бәйсейітова атындағы  жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 1097
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 1096
Барлық келушілер – 0