28.04.2024 20:21

Жарияланды: 15.11.2023

0

15 қараша күні жазушы Б.Ж.Майлиннің туған күніне орай тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Туған талант пен жердің шабыты» атты портреттік кеш ұйымдастырды.Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларды ақын-жазушы, қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі ретінде Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, отансүйгіштік, адамгершілік сезімдерін ояту, келушілерді Б.Майлин ақын-жазушылар шығармалары негізінде шығармашылық жазбаларымен баурап алу. Портреттік кеш «Ұрпаққа қалдырған мұра» музейінің көрмесінде өтіп, С.Ерғалиев, Б.Майлин атындағы орта мектептердің 7-10 сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. Шара соңында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында Б.Майлиннің әр уақытта жарық көрген шығармалары бойынша диалог және пікірталас өтті.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 636
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 636
Барлық келушілер – 0