14.05.2024 12:07

Жарияланды: 18.08.2023

0

Поэзия – адамзаттың ең бір тапқыр жетістігі, ол сұлулықты сөзбен бейнелеу өнері. Ағымдағы жылдың 18 тамызында тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында аудан ақындары туралы «Өлке тарихындағы тұлғалар» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылып, аудан ақындарының: С.В. Ильченко, Л.С. Слободчикова, И.В. Хино, Я.Г. Янцен, Г.К. Динекин және Т.П. Данькова өмірбаяндары, фотосуреттері мен жыр жинақтары ұсынылды. Фотоқұжаттық көрме келушілерге өңірдің сүйікті ақындарымен танысып қана қоймай, поэзиясыз өміріміздің қаншалықты кедей болатынын ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Өйткені, дүниені бейнелі түрде көру және оның жан-жақтылығын түсіну қабілетін дамыта алатын, жанашырлық пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көмектесетін де поэзия.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 745
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 745
Барлық келушілер – 0