12.05.2024 16:54

Жарияланды: 28.12.2022

0

Қазіргі балалар үшін танымал ойын – сауық квест ойыны болды. Сондықтан музей қызметкерлері С.Ерғалиев атынд. ЖБМ 5-сынып оқушылары үшін музейдің барлық экспозициялары бойынша «Көне сандықтың құпиялары»  интерактивті бағдарламасын дайындады. Ойын барысында маршруттық картаның көмегімен балалар әртүрлі тапсырмаларды орындады: станциялар бойынша саяхат жасады, сипаттама бойынша музей экспонаттарын тапты, жұмбақтар шешті, пазлдар жинады, жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттеді, музейдің құпияларын ашты және өздерінің эрудициясын көрсете білді. Балалардың байқампаздығы, тапқырлығы мен логикалық ойлауы өлке мен ел тарихы саласындағы тамаша біліммен ұштастырылды. Іс-шара соңында алған білімдерін бекіту үшін шағын блиц-сауалнама жүргізілді. Квесттің барлық қатысушыларына грамоталар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Ойын жылы, достық атмосферада өтті, барлық қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар, әсерлер алды, сондай-ақ жаңа жылдық тамаша көңіл-күй атмосферасына түсті.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 490
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 490
Барлық келушілер – 0