29.04.2024 01:37

Жарияланды: 13.08.2020

0

31 қаңтарда Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайында Е. Өмірзақовқа 120 жылдығына арналған стационарлық көрменің жанында Қазақ КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахна шебері Е. Өмірзақовты еске алуға арналған “Сахна шебері” атты тақырыптық сағат өтті.

Іс – шараға Халық әртісі Гүлфара Сақыпқызы Өмірзақова, аудандық мәдениет үйінің режиссері және халық театрының актері Н.В. Луценко шақырылды. Е. Өмірзақова, Б. Майлин атындағы ОМ 9 сынып оқушылары. Кездесу барысында қатысушыларға Е.Өмірзақовтың өмір жолы, оның драматургия саласындағы актерлік қызметі туралы айтылды. Келушілер оның басты рөлдері мен мемлекеттік қызметтері туралы білді.

Соңында Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі халық театрының актері Ерғалиев Аманжол мен Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Айжан Ерғазиеваның орындауындағы “Зәуре” пьесасынан монолог оқылды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 325
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 325
Барлық келушілер – 0