02.05.2024 20:23

Жарияланды: 30.07.2020

0

2020 жылдың 13 қаңтарында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Б. Майлин атындағы орта мектептің 3-сынып оқушылары үшін жаңа жылдық мерекенің символдарының бірі – шырша ойыншығына арналған “Шырша ойыншықтарының тарихы” тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді. Оқушылар жаңа жылдық ойыншықтың тарихына еніп, осы керемет, жарқыраған және нәзік туындыларды көргенде қуанышқа бөленді, жаңа жылдық шыршаны безендіру тарихы мен шырша ойыншықтарының өздері туралы көптеген қызықты фактілерді білді.

Музей қызметкерлері қысқышқа қыстырылған ойыншықтарды, моншақтарды, шарларды және т.б. ұсынды. Барлық балалар калейдоскоптағыдай жаңа жылдық ойыншықтарда біздің еліміздің тарихы, оның әр оқиғасы көрініс тапқанына көз жеткізді. Бұл ойыншықтардың барлығын ауыл тұрғындары музейге тапсырды. Өйткені, әр жаңа жылдық ойыншық-бұл жаңа жылға сенгіңіз келетін сиқырдың бір бөлігі!

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 245
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 245
Барлық келушілер – 0