Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 26 ақпан күні С. Ерғалиев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары үшін “Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайаевтың өмірбаяны”тақырыбында дәріс өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты-білім алушылардың ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Ұйымдастырушылардың алдына қойылған міндеттердің бірі Абай шығармаларына деген құрмет пен қызығушылықты ояту, осы ұлы адам – өз шығармашылығымен халықты әділеттілікке, адалдыққа, әдептілікке шақырған отандасымыз үшін мақтаныш сезімін ояту мақсатында ақынның еңбектерімен егжей-тегжейлі танысу болды.
Дәріс түрінде музей қызметкері Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, биыл Қазақстанда оның туғанына 175 жыл толғанына ерекше назар аударды. Қазақстан жерінде туып-өскен ақын және ағартушы алатын әлемдік әдебиет тарихындағы баға жетпес үлес пен ерекше орын туралы оқушылар сондай-ақ олардың көз алдында ұсынылған танымдық бейнероликтен білді.
Қорытындылай келе, Абай мұрасы – бұл еліміздің бірлігі мен дамуына жол ашатын құндылық екендігі атап өтілді. Абайдың сөздеріне сүйену-бұл елдің өркендеуі мен жаңа жетістіктеріне апаратын жол.
Leave a Reply