Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысан мерзімі:  1995 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Арқалық қаласы, Екідің ауылының жанында.

Табиғаты көрікті аумақта Екідің құрылыстарының жанындағы төбеде орналасқан Жәуке батыр кесенесі 1995 жылы батырдың ұрпақтарының бастамасымен табиғи тастан тұрғызылған.

Жәуке Назарғұлұлы қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданының Ақшығанақ қонысында 1822 жылы дүниеге келген. Орта жүздің арғын тайпасының төлек руынан шыққан.

Ол атақты батыр болған, ХІХ ғасырдың басындағы ұлт – азаттық көтерілісіне қатысып, қолбасшы және Кенесары ханның майдандас серігі болды. Жәуке батыр барлық саналы ғұмырын ел бірлігі үшін ат үстінде өткізген, сыртқы жаулардан елді қорғаған. Жәуке батыр әділетті және дана тұлға ретінде ел есінде мәңгілік сақталады. Белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың «Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі» атты зерттеуінде Жәуке батырдың есімі аталып, жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман трилогиясында, ақын Нұрхан Ахметбековтің «Қарға» дастанында Жәуке батырдың көркем тұлғасы сенімді өрнектелген.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 13532
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 13532
Барлық келушілер – 0