Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысан мерзімі: 2013 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Жангелдин ауданы, Шұбалаң ауылы.

Жангелдин ауданындағы қасиетті орындардың бірі – биік төбеде орналасқан Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі. Баймырза әулие Мергенұлы (1741-1829) – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батыр. Он үш жасынан бастап ерлігімен көзге түсіп, кейін қол бастаған батыр болған. Тарихшы Е.Бекмаханов Баймырза мен Пугачевтің хат алысып, хабарласып тұрғандарын жазады. Бұл дерек Баймырза әулиенің Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына наразы болып, қарсылық көрсеткенін дәлелдейді. Көріпкелдік және түрлі жүйке ауруына ұшыраған сырқаттарды емдеу қасиеті болғандықтан халық Баймырза батырды көзі тірі кездің өзінде «Баймырза әулие» деп атап кеткен. Ел арасында «Баймырзаның сабасындай берекелі екен» деген сөз де сақталған. Оның мәнісі Баймырза асып жатқан бай кісі болмаса да дастарқаны жиналмайтын, үйінің белдеуінен ат кетпейтін қонақжай адам болған.

Баймырза әулиенің кесенесі Торғай өңіріндегі халықтың зиярат ететін қасиетті орнына айналған. Дертіне дауа іздеген сырқат жандар әулиенің басына түнесе, науқасынан айығады деген сенім бар.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 4916
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 4916
Барлық келушілер – 0