Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысанның орналасқан жері: Наурызым ауданы, Шолақсай ауылынан 20 шақырым жерде.

Қоянақ әулие туралы халық арасында аңыздар көп. Әкесі Жолшара, атасы Тастемір де атағы жер жарған әз әулие атанған жандар. Бұл айрықша қасиет әкесі Жолшара әулиеден дарыған. Әулие туралы аңыздардың бірінде Қоянақ Жолшарақызы өзінінің жігітіне жол тауып келуіне көмектескен екен: «Бисары өзінің жолдастарымен қалыңдықтың ауылына, яғни оны алып келуге шыққанда олар жолда адасады. Ұзақ жол жүріп адасқандарға үлкен тас кездеседі, олар тастың жанындағы ас қойылған дастарқанды көреді. Әбден қажыған жолаушылар жайылған дастархандағы асты тоя жеп болғанда дастархан жоқ болып кетеді. Сол мезетте тастың арғы жағынан ауыл көрінеді».

Қоянақ әже Жолшарақызы ел анасы болып, бауырынан рулы ел өрбіген, өсіп өнген, асқарлы әулеттің мейірбан да қамқор әжесі ретінде де халық ілтипатына ие болған. Текті ата, ару ананың бүгінгі көзі тірі ұрпақтары әже рухын қастерлеп, оның басына құлпытас тұрғызып, жерленген жерінің жанына кесене орнатып, азаматқа тән өнегелі де жан сүйсінерлік өрелі ісімен ерекшеленді. Бұл кесенеге дертіне дауа, науқасына шипа тілеп, зарығып барған талайлар дерттерінен айығады.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 5262
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 5261
Барлық келушілер – 0