Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысан мерзімі: 2000 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Алтынсарин ауданы, Жаңасу ауылы.

Жазы Жанұлы (1790-1840) – би, Қарабалуан Алдиярұлының  шөбересі. Тарихқа Ресей империясының құрметті азаматы, казак әскери старшыны деп енген. Шоқанның әкесі полковник Шыңғыс Уәлихановтың бас қолдаушысы болған. Кенесары ханның өзі Жазы бидің сөзіне тоқтаған.  Сібірдің генерал-губернаторы Михаил Сперанскийдің жеке өтініші бойынша Жазы би қазақтың ата-бабалары салып кеткен Есімхан тұсындағы шекарамен шектес қамалдың негізінде Орынбор мен Сібірдің арасындағы шекараны анықтап жүргізген. Жазы бидің Шыңғыс Уәлиханов ордасынан Омбы қаласына дейін жүргізген пошта жолының іздері қазіргі уақытқа дейін сақталған.

1820-1840 жылдары қазақ даласына жүргізілген Ресей экспедициялары Жазы бидің жол көрсетуімен жасалған. Экспедиция кезінде ол бес жүз сарбазы бар жасақты бастап жүрді. Жазы би 1840 жылға дейін көз жұмғанша туған жерінің шекарасының тұтастығы үшін күрескен. Жазы би халықтың есінде ауызша халық философиясының, тарихының, географиясының көрнекті білгірі ретінде сақталып қалды.

2000 жылы Жазы би бейітіне қызыл кірпіштен кесене тұрғызылып, ескерткіш тас орнатылды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 15469
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 15469
Барлық келушілер – 0