Нысан мерзімі: 1929 жыл.
Нысанның орналасқан жері: Карабалық ауданы, Өрнек ауылының жанында.
Мұхамеджан Сералин (1872-1929 ж.) – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, тұңғыш журналист, педагог. М.Сералин қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жататын «Топжарған» және «Гүлқашима» поэмаларында қоғамда басым болған ескірген әдет-ғұрыптарды бейнелеген. 1911-1915 жылдары М. Сералин қазақ жазба әдебиетінің дамуында зор рөл атқарған «Айқап» журналын шығарды. «Айқап» журналы жабылғаннан кейін Мұхамеджан Сералин Қостанай уезі Шұбаркөл болысындағы №5 туған ауылына оралып, ағарту қызметімен айналысады. Мұғалім болып, кітапхана ашумен айналысты, Қостанай уезінің ауыл мектептеріне көмектесті. Кеңес өкіметі жылдарында түрлі басылымдарда қызмет атқарған.
1929 жылдың мамыр айында дүниеден өтті, Өрнек ауылына жақын маңда жерленген. Қабірінің басына ескерткіш орнатылған, мемориалдық тақтада Сералиннің портреті бейнеленіп, «Мұхамеджан Сералыұлы (1872-1929) ақын, қазақтың бірінші журналисі, көрнекті қоғам қайраткері» деп жазылған.
Leave a Reply