Жарияланды: 22.07.2020

0

Нысан мерзімі: XIX ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Наурызым ауданы, Наурызым қорығы аумағындағы Қарамеңді ауылынан батысқа қарай 14 шақырым жерде.

Мәтен батыр Баяндыұлы (1805-1876) қазақ ауылдарын Еділ қалмақтары  шабуылдарынан қорғап, көптеген қақтығыстарда аты шыққан әруақты батырлардың  қатарынан.   Аңыздар бойынша гүрілдеген даусы жер жарып, тай шаптырым жерге жететін алып денелі зор кісі болса керек. Халық арасында Мәтен батыр ерекше құрметтелді. Батыр атанған  ата шаңырағы Киелі саналған. Алыс, қауіпті, даулы сапарларға, жорыққа шығып бара жатқан жандар сол шаңыраққа соғып, дәм ауыз тиіп, бата тілейді екен. Әруақты дейтіні батасы да қарғысы да қабыл болған екен.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 4771
Пайдаланушылар – 2
Қонақтар – 4769
Барлық келушілер – 0