Жарияланды: 22.07.2020

0

Нысан мерзімі: 1919 жыл.

Нысанның орналаскан жері: Қостанай ауданы, Владимиров ауылынан 12 шақырым жерде.

Ақын, философ Нұржан Наушабайұлының (1858-1919) жерленген жері  Қостанай ауданы Владимиров ауылының ескі мұсылман зиратында орналасқан.

Нұржан Наушабайұлы қазіргі Қостанай ауданында дүниеге келген.   Алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Троицк қаласындағы медреседе оқиды. Ол өз бетінше білім қуып орыс, татар, башқұрт және өзге де түрік тілдерін емін-еркін меңгерген. Нұржан  Наушабайұлы ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің жақын достарының бірі болған. Белгілі Жиренше шешенді өзіне үлгі тұтқан.

Ақын шығармашылығының негізгі тақырыптары – оқуға, өнер-білімге үндеу, надандықты әшкерелеу, халықтық әдет-ғұрыпты сақтау, туған жерге сыйыну, батырлық пен қаһармандықты жырлау. Н. Наушабайұлының көптеген әндері ауыздан ауызға жетіп, халық жадында сақталған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 12791
Пайдаланушылар – 3
Қонақтар – 12788
Барлық келушілер – 0