Жарияланды: 25.06.2026

0

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі Бейімбет Майлин ауданы еріктілерінің қызметіне және олардың қоғамның азаматтық белсенділігін дамытуға қосқан үлесіне арналған «Волонтерлық (еріктілік)– қоғамның азаматтық әлеуеті» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды.

Көрме келушілерді ауданның қоғамдық өміріне елеулі үлес қосып жүрген еріктілердің қызметімен таныстырады. Бүгінгі таңда волонтерлық қозғалыс 198 еріктінің басын біріктіріп отыр, олардың көпшілігі — мектеп оқушылары мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері.

Олардың жұмысының негізгі бағыттары — халыққа әлеуметтік көмек көрсету, қайырымдылық қызметі, экологиялық акцияларға қатысу, жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау. 2026 жылы еріктілер «Мейірімді Қазақстан», «Хэлпер» және «Қар десанты» акциялары аясында зейнеткерлер мен жалғыз тұратын азаматтарға көмек көрсету бойынша 50-ге жуық іс-шара өткізді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы акцияларды, макулатура жинауды және есірткіге қарсы кездесулерді қамтитын 40-қа жуық экологиялық және алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Көрмеде еріктілердің аудандық және облыстық іс-шараларға қатысуы, оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізуі, сондай-ақ жастардың азаматтық жауапкершілігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруы да көрініс тапқан.

Ұсынылған фотоматериалдар волонтерлық қозғалыстың азаматтық белсенділікті нығайтудағы, әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы және Бейімбет Майлин ауданы тұрғындарын қолдаудағы маңыздылығын көрсетеді.

Поделиться материалом