«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 4 маусымында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде жазғы сауықтыру алаңына баратын балалар үшін «Таза әлем сенен басталады» атты эко-сабақ өткізілді.
Шара барысында балалар қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызы туралы біліп, «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі міндеттерімен танысты және экологиялық мәдениет мәселелерін талқылады. Балалар викторина сұрақтарына белсене жауап беріп, тақырыптық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптап жинау және қайта өңдеу туралы білімдерін бекітті.
Шараны толықтыра түсу мақсатында табиғатты қорғауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға арналған танымдық видеоролик көрсетілді. Бейнебаяннан кейін балалар өз алған әсерлерімен бөлісті, экологиялық проблемалар туралы өз пікірлерін білдірді және табиғатты сақтауға әрбір адам қалай үлес қоса алатыны туралы айтып берді.