Жарияланды: 30.03.2026

0

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жастар арасында тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы волонтерлікті дамытуға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында жастар өкілдерімен пікір алмасу ұйымдастырылып, волонтерлік бастамалардың табысты үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар, жастарды мәдени мұра нысандарында белсенді жұмысқа тарту мүмкіндіктері қарастырылып, музейлер, білім беру мекемелері және қоғам арасындағы байланысты нығайту мәселелері көтерілді. Аталған іс-шара ескерткіштер маңындағы аумақтарды тазалау бойынша сенбіліктерге қатысу, тарихи-мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарау идеясын насихаттау жұмыстарының маңыздылығын көрсетті.

Дөңгелек үстел жастардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға және тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау саласындағы волонтерлік қозғалысты дамытуға ықпал етті.

Поделиться материалом