27 наурыз күні ағымдағы жылы Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларына тақырыптық экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің тарихымен танысып, ауданның дамуы, белгілі жерлестер туралы мәлімет алды, сондай-ақ өткен жылдардағы тұрмыс пен мәдениетті бейнелейтін музей экспонаттарымен танысты.