27 наурыз күні ағымдағы жылы Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері «Еңбек ерлері» атты Бейімбет Майлин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған тарих сағатын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар ауданның қалыптасуы мен дамуы тарихымен, тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңімен, совхоздардың құрылуымен және ауыл шаруашылығының дамуымен танысты. Сондай-ақ ауданның дамуына, әлеуметтік нысандардың салынуына және ауылдардың көркейуіне үлкен үлес қосқан еңбек адамдары, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары туралы айтылды.
Іс-шара соңында аудан тарихы туған өлкені өз еңбегімен көркейтіп, дамытқан адамдардың тағдырымен тығыз байланысты екені және олардың еңбегі аудан тарихының маңызды бөлігі болып қала беретіні атап өтілді.