Жарияланды: 18.03.2026

0

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Аят» шекаралық өткізу пунктінің қызметкерлеріне арналған кездесу ұйымдастырды.

Қонақтарды музей фойесінде ұлттық дәстүр бойынша қарсы алып, бауырсақтан дәм татқызды. Тақырыптық экскурсия барысында қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтары және Наурыз мерекесінің маңызы туралы мәлімет берілді.

Поделиться материалом