Жарияланды: 16.02.2026

0

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және оны ақпараттық тұрғыда насихаттау жөніндегі желілік жоспарға сәйкес Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде мемлекеттік мекеме өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, еңбек ардагерлері мен жастардың қатысуымен Бейімбет Майлин ауданы прокуратурасының өкілімен диалог алаңы өтті. Кездесу барысында «Заң – Әділетті Қазақстанның кепілі, ал тәртіп – азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен өзара жауапкершілігінің нәтижесі» екені туралы мемлекеттік жүйе таныстырылды.

Аудан прокурорының орынбасары Дүйсен Шакиров қауіпсіз қоғам қалыптастыру және құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті орнықтыру мақсатында құқық қорғау органдары қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады. Осыған байланысты «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру тек құқықтық санаттар ғана емес, қоғамымыздың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен өркендеуін айқындайтын өмірлік бағдар болып табылады.

Поделиться материалом