Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Менің туған өлкем” атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Көрмеде туған өлкенің табиғатының сұлулығын көрсететін фотосуреттер, сондай-ақ жолдарды қардан тазарту және қоқыстарды сұрыптау жұмыстары қойылған. Көрменің мақсаты-жұртшылықтың назарын қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына аудару және табиғатты қорғау үшін қандай күш-жігер жұмсалатынын көрсету.