Жарияланды: 19.11.2025

0

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде “Қасиетті Қазақстан: Отанымыздың қасиетті орындары”атты мұражай сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты Қостанай облысының тарихи ескерткіштері мен қасиетті орындарын дәріптеу болды. Бұл нысандарды қазақстандық ғалымдар далалық және этнографиялық экспедициялар барысында анықтап, киелі орындардың республикалық тізіліміне енгізді.

Қатысушыларға “Қазақстанның киелі географиясы” жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, республикалық тізілімге енген 34 киелі объект және өңірлік тізімдегі 24 объект туралы мәліметтер ұсынылды.

Соңында қасиетті орындар туралы өз әсерлерімен және білімдерімен бөліскен қонақтармен диалог өтті.

 

Поделиться материалом