Мемлекеттік қызметшілер күніне орай тарихи–өлкетану мұражайының қызметкерлері “мемлекеттік қызмет тарихы беттері бойынша“фотоқұжаттық көрмесін дайындады.
Көрме келушілерді Мемлекеттік қызмет ардагерлері–Ли Ольга Геннадьевна мен Пирог Валентина Сергеевнаның өмірімен және кәсіби жолымен таныстырды.
Көрмеде фотосуреттер, құжаттар, грамоталар мен марапаттар ұсынылып, олардың көп жылғы адал жұмысы мен мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі туралы баяндалды.