Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейде “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “табиғатты бірге сақтайық” атты фотоқұжаттық көрме ашылды. Көрмеде туған өлкенің табиғатының сұлулығын көрсететін фотосуреттер, сондай-ақ жолдарды қардан тазарту және қоқыстарды сұрыптау жұмыстары қойылған. Көрменің мақсаты-жұртшылықтың назарын қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына аудару және табиғатты қорғау үшін қандай күш-жігер жұмсалатынын көрсету.