Ағымдағы жылғы 5 шілдеде тарихи-өлкетану музейінде елорда күніне арналған «Астана – бейбітшілік пен достық қаласы!» ойын-викторина шарасы өтті. Іс-шараға Б. Майлин атындағы ЖБМ балалар сауықтыру алаңының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында музей қызметкерлері Астана қаласының пайда болу тарихымен таныстырып, Power-point арқылы Отанымыздың бас қаласының ең әдемі және маңызды жерлерін көрсетті. Одан әрі іс-шара ойын түрінде өтті: балалар зияткерлік ойында жарысты, сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі. Іс-шара логикалық және танымдық ойындармен аяқталды.
Leave a Reply