Жарияланды: 10.07.2023

0

Мағжан Жұмабаев – жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол өз ойын дәл, жан-жақты жеткізе алатын ерекше қабілетімен ерекшеленді. Бүгін қазақ ақынының 130 жылдығына орай тарихи-өлкетану музейінде балалардың демалыс аймағына арналған «Алаштың ақыны – Мағжан  Жұмабаев» атты тарихи-танымдық сағаты ұйымдастырылып, музей қызметкерлері өмірбаянынан сыр шертетін әңгіме және ақынның шығармашылық жолы туралы айтты.  Шара барысында балалар М.Жұмабаевтың «Асығыспын», «Әр жерде», «Көбелек» өлеңдерін оқыды. Шара соңында М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді.  Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқырмандардың қызығушылығын тудыруда. Оның шығармалары өзектілігін жоймай, барлық жастағы және ұлт өкілдері үшін шабыт пен ғажайып қайнар көзі болып қала беретінің туралы білді!

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 17091
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 17090
Барлық келушілер – 0