Ағымдағы жылдың 10 қарашасында С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушылары үшін музей қабырғасында “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Іс – шара барысында оқушылар Қостанай облысы бойынша республикалық қасиетті картаға енген 10 нысан туралы бейнероликпен танысты. Бұдан әрі Қостанай облысы бойынша жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар тізілімге енгізілген киелі орындар туралы презентация ұсынылды.
Аталған іс-шараның мақсаты-оқушылар мен тұрғындар арасында Қазақстанның тарихи ескерткіштерін, қасиетті орындарын дәріптеу және зерделеу.
“Қазақстанның киелі географиясы” жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Leave a Reply