Жарияланды: 27.10.2022

0

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Айет ауылының Жастар ресурстық орталығы мен еріктілері үшін Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында “Киелі Қазақстан: Отанымыздың қасиетті орындары” атты бейнекруиз ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты Қостанай облысының далалық – этнографиялық экспедициялар барысында анықталған және киелі орындардың республикалық тізіліміне енген ғалымдарының тарихи ескерткіштері мен қасиетті орындарын танымал ету болды. Іс-шара барысында өскелең жас ұрпаққа “Қазақстанның киелі географиясы” жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатыны туралы толық түсінік берілді. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар тізілімге енген 34 қасиетті нысан және өңірлік тізілімге енген 24 қасиетті нысан туралы егжей-тегжейлі айтылды. Іс-шара соңында шақырылғандармен диалог өтті, олар Қазақстанның киелі жерлері туралы өз әсерлерімен және білімдерімен бөлісті.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 23319
Пайдаланушылар – 2
Қонақтар – 23317
Барлық келушілер – 0