Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде тарихи-өлкетану музейінде атом электр станциясындағы апаттың 35 жылдығына арналған «Чернобыль қоңырауы» атты көрме ашылды.
Онымен бірінші болып ардагерлер ұйымының белсенділері және Красносельск орта мектебінің 7-сынып оқушылары танысты. Көрме аясында Кеңес Одағының Батыры, Өрт сөндіруші Леонид Петрович Телятниковтың фотоматериалдары мен құжаттары ұсынылды, ол өзінің бөлімшесін басқарды және ЧАЭС төртінші энергоблогында өртті сөндіруге жеке өзі қатысып, радиацияның үлкен мөлшерін алды. Сондай – ақ, мұнда апат салдарын жоюға қатысқан өңір тұрғындары – Есенаманов Полатбек пен Михальчук Алексей Алексеевичтің фотоқұжаттық кешені және 1986 жылғы 26 сәуірдегі оқиғалар мен апаттың ауқымы туралы жалпы мәліметтер орналастырылған.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді, сондықтан көрмемен танысу үшін сізді күтеміз!