Жарияланды: 13.08.2020

0

1 мамыр күні Әйет ауылының орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған ауылдық округтердің өкілдері, жұмысшы жастар, мәдениет қызметкерлері, мұражай қызметкерлері, кітапхана жүйесі, сондай-ақ ауданның 12 этнобірлестіктері қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: адамдар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру; оларға бір-біріне көмектесуге, тату көршілік қарым-қатынастарды құрметтеуге және бағалауға үйрету; әртүрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Бұл күні қонақтар үшін түрлі-түсті этноқалашық ашылды, онда этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық дәстүрлерін, асханаларын, костюмдерін көрсетті.

Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Әзірбайжан шатырын безендіруде көмек көрсетті, мемлекеттің пайда болу тарихы, халықтың салт-дәстүрлері, сондай-ақ аудан аумағында тұратын этнос өкілдері туралы айтып берді.

Мерекені ұйымдастырушылар шын мәнінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға тырысты. Орталық алаңға ауданның жүздеген тұрғындары мен қонақтары жиналды. Олар әр түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерімен жақын танысып, ерекше тағамдардан дәм татты.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 1794
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 1794
Барлық келушілер – 0