Жарияланды: 02.07.2025

0

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде тарихиөлкетану музейі  қызметкерлері домбыра күніне орай Домбыра халық мұрасы” атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Көрмеде мұражайдың қор коллекцияларынан алынған әр түрлі домбыра түрлері ұсынылды, олардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Олардың көпшілігі мұражай құрылғаннан бері жиналды. Коллекцияның ең көне экспонаттарының бірі болып табылатын 1900 жылғы домбыра ерекше қызығушылық тудырады.
Толығырақ ақпарат алу үшін сізді мұражайға келуге шақырамыз!

Поделиться материалом