20 маусымда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері балалардың сауықтыру алаңына баратын Сапар Ерғалиев атындағы мектептің оқушылары үшін “Қазақстан Конституциясы уақыт призмасы арқылы” құқықтық сауалнама жүргізді.
Балаларды азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстырды, танымдық мультфильм көрсетті. Балалар құқықтық ойындарға қызығушылықпен қатысты, белгілі ертегілерде қандай құқықтар бұзылғанын талдады.
Оқушылар Конституция туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, күнделікті өмірде адам құқықтарын сақтаудың маңыздылығын түсінді.