1 тамызда Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке қатысты. Сенбілік Бейімбет Майлин ескерткішінің жанында өтті. Аумақты жинау барысында акцияға қатысушылар маңайды қоқыс пен арамшөптерден тазартты.
Мәдениет қызметкерлері тұрғындарды осындай акцияларға белсенді қатысуға шақырады. Әрбір азамат біздің өлкеміздің тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесін қосуда. Аталған акция аудан, ауыл көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.
#тазақазақстан